19-қазан Құтқарушылар күні мерекесіне орай, Қызылорда қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері қала аумағындағы білім беру ұйымдарындағы «ТЖ бойынша мектеп министрлерімен» кездесу өткізді.
Іс -шара барысында оқушыларға №1 өрт сөндіру бөлімінің теңгеріміндегі өрт сөндіру автокөліктері мен өрт сөндіру құрал-жабдықтарымен таныстырылып, «Судағы және мұздағы қауіпсіздік ережелері», «Өрт қауіпсіздігі ережелері», «Құтқарушылар мамандығын насихаттау» тақырыптарында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы