Қызылорда облысына қатысты тағы бір жағымды жаңалық “Қазақстан үкіметі 2024-ші жылғы 1 тамызда “Қызылорда облысы мен Ұлытау облысы арасындағы жер қатынастарын реттеудің кейбір мәселелері туралы” қаулы қабылдады.
Қаулыны сөзбе-сөз берер болсақ:
Қазақстан Республикасының Жер кодексі 13-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Қызылорда және Ұлытау облыстары әкімдіктерінің осы қаулыға қосымшаға сәйкес экспликация бойынша Ұлытау облысы Ұлытау ауданының аумағындағы жалпы ауданы 2210,9 мың гектар жерді Қызылорда облысының ұзақ мерзімді пайдалану мерзімін 2050 жылға дейін ұзарту туралы ұсыныстарына келісім берілсін.
- Осы қаулы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Атап айтқанда: 1 968 445 гектар жайылым; 144 гектар су астында; 559 гектар алаңдар, жолдар мен көшелер астында; 24 гектар ғимараттар астында; 241 728 гектар өзге де жерлер Қызылорда облысына 2050-ші жылға дейін беріледі.