Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызметшілер арасында «Qyzylorda Qyzmet Cup» кубогына өткізілген облыстық футбол чемпионатында Қызылорда облысы бойынша Сот Әкімшілігі Департаментінің командасы І орын иеленіп, чемпион атанған болатын.
Осыған орай, біздің команда республикалық кезеңге өтіп, Астана қаласында өтетін «Qyzmet Cup Қазақстан» чемпионатына қатысуға мүмкіндік алды.
Сот Әкімшілігі Департаментінің командасы 2024 жылғы 29 тамыз-1 қыркүйек аралығында Астана қаласында Қазақстан чемпионатына қатысады.
Осы ретте, Қызылорда облысының намысын қорғайтын команданың республикалық турнирге қатысуына қолдау көрсеткені үшін Қызылорда облыстық шағын футбол федерациясының президенті Ә.Шығамбаевқа, Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің басшысы С.Сүлейменге, Судьялар Одағының Қызылорда облысы бойынша филиалының төрағасы Б.Елшібековке, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Е.Мендалиевке алғысымызды білдіреміз.
Тартысқа додаға аттанғалы отырған әріптестерімізге сәттілік пен жарқын жеңіс тілейміз! Бағындырар белестеріңіз көп болсын!
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі.