Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасы азаймай тұр. Басты себеп-жүгенсіз жүргізушілердің жол қауіпсізді мен жолда жүру мәдениетін сақтамауы, жылдамдықты шамадан тыс асырып, қарсы бетке шығып кетуі, көлік құралдарын масаң күйде басқаруы.
Елімізде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мардымсыз жол-көлік оқиғалары болған жағдайда, азаматтар полицияны шақырмай және соттың шешімінсіз жеңілдетілген тәртіппен сақтандыру оқиғасын рәсімдей алады.
«Еурохаттама» арнайы мобильді қосымшаның көмегімен жүргізушілер өздері жол-көлік оқиғалары фактісін тіркеп, сақтандыру компанияларына материалдық залалды өтеуге өтінім бере алады.
«Еурохаттама» арқылы жол-көлік оқиғаларын рәсімдеудің міндетті шарттары бар.
Жол көлік оқиғасына екі көлік құралы ғана қатысқан жағдайларда.
Жол көлік оқиғасына қатысушыларда қолданыстағы көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру болуы тиіс.
Сонымен қатар, жол көлік оқиғасы нәтижесінде ЖКО қатысушылардың көлік құралдарына ғана шығын келтірілген жағдайда (өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген зардап шегушілер болмаса, үшінші тұлғалардың мүлкі бүлінбесе).
Сонымен бірге, жол көлік оқиғасына қатысушыларда бір тараптың кінәлі, екіншісінің зардап шегуші болуына қатысты келіспеушілік болмаған жағдайда, келтірілген шығынның шекті сомасы 100 АЕК-ке дейін, яғни 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 369 000 теңге болған жағдайларда қолданылады.
Жол көлік оқиғасын «Еурохаттама» мобильдік қосымшасы арқылы рәсімдеуге болады.
«Еурохаттаманың» артықшылығы азаматтар ұсақ жол-көлік оқиғаларын ресімдеу үшін полицияны күтпейді, осылайша жолдағы кептеліс жағдайлары төмендейд. Жеңілдетілген тәртіппен тіркелген жол көлік оқиғасы кезінде жүргізушілер әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды.
Сондай-ақ, сақтандыру мерзімдері қысқарады, яғни төлемді әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама тіркелген уақыттан бастап шамамен бес күн мерзімде алуға болады.
Олжас Исаұлы Абдукаликов
Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы