Арал аудандық сотында ҚР ҚК-нің 189-бабы 2-бөлігінің 3) – тармағы және ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігімен сотталушы Қ.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Ол ауылдық клубтың есепшісі қызметін атқарып жүріп, 2023 жылдың сәуір-қараша айлары аралығында өзінің және таныстарының есеп шоттарына қаражаттар аударып, өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті қызмет бабын пайдалана отырып иемденіп алу арқылы жымқырған. Сотталушының қылмыстық әрекеті салдарынан мемлекетке 2 759 798 теңге залал келтірілген.

Сонымен қатар, Қ. алаяқтық, яғни сенімді теріс пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін жымқырып, азаматша У.-ға 2 426 000 теңге залал келтірген.

Сотталушының қылмыстық әрекеті өзінің кінәсін ішінара мойындаған жауабымен, мемлекеттік аудиторлық қорытындымен, сараптама қорытындыларымен, жәбірленушілер мен куәлардың жауаптарымен, беттестіру хаттамаларымен, кассалық ордер құжаттарымен, түбіртектермен және іс бойынша басқа да дәлелдемелер жиынтығымен  дәлелденген.

Сот үкімімен Қ. ҚР ҚК-нің 189-бабы 2-бөлігінің 3)тармағы және ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, ҚК-нің 58-бабы 2-бөлігінің талабына сай, онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру арқылы, есепші қызметімен айналысу құқығынан 2  жыл мерзімге  айыра отырып, түпкілікті 3 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, сол мерзімге пробациялық бақылау белгіленген. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы орган айқындайтын орында жылына 100 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тартылған. 

Қылмыспен келтірілген шығындар жәбірленушілер пайдасына өндірілді.

Арал аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған