Қызылорда облыстық сотында 2024 жылдың І жартыжылдығы бойынша жұмыс қорытындысы бойынша кеңейтілген кеңес өткізілді.
Жиынға Қызылорда облыстық сотының төрағасы Ә.Шығамбаев, алқа төрағалары, облыстық соттың судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары қатысты.
Кеңес жұмысын облыстық соттың төрағасы Ә.Шығамбаев ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, маңызды мәселелерді атап өтті.
Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының міндетін атқарушы Б.Қалымбет қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істер бойынша есепті кезеңдегі статистикалық мәліметтерге тоқталды. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың І жартыжылдығында облыс соттарына 435 қылмыстық іс түсіп, 441 қылмыстық іс аяқталып, 362 қылмыстық іс бойынша үкім шығарылған.
Азаматтық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының міндетін атқарушы С.Жуынтаева азаматтық істер бойынша баяндама жасап, І жартыжылдықта облыс соттарының өндірісіне 8471 талап қою түсіп, 7722 іс аяқталғанын, 4302 іс бойынша шешім, 758 сот бұйрығы шығарылғанын атап өтті.
Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ж.Оспанова әкімшілік істер бойынша баяндама жасап, есепті кезеңде облыс соттарына 575 әкімшілік іс түсіп, 565 іс аяқталғанын, оның ішінде 159 іс бойынша шешім шығарылып, 122 іс әкімшілік іс татуласу рәсімімен аяқталғанын жеткізді.
Жиында Сот әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің басшысы С.Сүлеймен соттардың инфрақұрылымын дамыту, сот жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша айтып өтті.
Кеңесті қорытындылаған сот төрағасы Ә.Шығамбаев сот төрелігін жүзеге асыру сапасын жақсарту бойынша алдағы атқарылатын жұмыстар мен тапсырмаларды айқындады.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі.