«AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалы партияның «Жер аманаты» жобасы аясында ауқымды жұмыстар атқаруда.
Мәселен, өткен жылы Қызылорда қаласы бойынша 2054 гектар жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылып, жоба мақсаты жемісті жүзеге асты.
Ал 2023 жылы партияның облыстық, қалалық филиалдарының ұйымдастыруымен «Жер аманаты» жобасы аясында тақырыптық қоғамдық қабылдаулар іске асты. Партияның Қызылорда қаласына қатысты Жол картасы аясында 2024 жылы қала бойынша 375 гектар жер телімін қайтару жоспарланған. Бүгінде аталған меже екі есеге жуық орындалып отыр.
Қала тұрғындары, ауылдық елді мекен тұрғындары жер теліміне қатысты, «Жер аманаты» жобасына қатысты сауалдарын партияның қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөліміне жолдай алатынын жеткіземіз.