Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 19 қаңтардағы № 106 Жарлығымен Жоғарғы Сот жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті Сот әкімшілігі болып қайта құрылды. Сот әкімшісінің аумақтық органдары департамент болып өзгертілді.Республиканың барлық облысында сот әкімшілігінің аумақтық бөлімшелері жұмыс жасауда. Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Департамент) аудандық және қалалық филиалдары бар жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық, ақпараттық-талдамалық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді Департамент құзыреті шегінде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің аумақтық органы болып табылады. Департамент міндеттеріне:Департаментке жүктелген міндеттер мен функциялардың іске асырылуын қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау бойынша жұмысты қамтамасыз ету;Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру болып табылады. Департамент фукцияларына мыналар жатады:жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастырушылық, ақпараттық-талдамалық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;судьялардың сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;Сот әкімшілігіне жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастырушылық, ақпараттық-талдамалық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудің жай-күйі туралы ақпарат дайындау;облыстық сот төрағасының, облыстық сот органдарының жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету;облыстық соттың жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстары қабылдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз ету;соттардың жұмысын кадрлық қамтамасыз ету;судьялар мен Департамент қызметкерлерінің жеке есебін жүргізу;сот оқуы, судьялардың, сот қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және олардың тағылымдамадан өтуі жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;судьялыққа кандидаттардың ақысы төленетін тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру; соттардың инфрақұрылымын дамыту, соттардың, сондай-ақ Департаменттің ғимараттары мен үй-жайларының құрылысын, жөндеуді және техникалық жарақтандыруын ұйымдастыру;соттардың, сондай-ақ Департаменттің үй-жайларын және басқа да мүлкін күзетуді ұйымдастыру;заңнамаға сәйкес бухгалтерлік есеп мен есептілікті жүргізу;судьяларды, оның ішінде отставкадағы судьяларды және Департамент қызметкерлерін заңнамаға сәйкес материалдық және әлеуметтік қамтамасыз етуді ұйымдастыру; соттардың, сондай-ақ Департаменттің ic қағаздарын және мұрағаттарының жұмысын жүргізу;құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға құқықтық статистикалық құжатталған ақпаратты ұсыну;жергілікті және басқа да соттардың қызметі туралы ақпаратты талдау және қорыту;сот практикасына талдау жүргізу, қорытындылау;мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен жергілікті және басқа да соттардың қызметін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара ic-қимыл жасау;жергілікті және басқа да соттардың бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара ic-қимылын қамтамасыз ету; жергілікті және басқа да соттардың халықаралық шарттарға сәйкес шетел мемлекеттерінің соттарына құқықтық көмек көрсету бойынша жұмысын қамтамасыз ету; соттарда, сондай-ақ Департаментте мемлекеттік құпия мен ақпараттық қауіпсіздікті қорғау жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету;сот приставтарының қызметін ұйымдастыру;Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыреті шегінде қарау;сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес апостиль қою;Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Департаментке жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру болып табылады. Департаментке басшылықты Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
Д.Тайыров, Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшісінің басшысы