Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде «Сотталғандарды кепілге алу және қашу кезіндегі жеке құрамның әрекеті» тақырыбы бойынша арнайы-тактикалық оқу-жаттығу шарасы өткізілді
          Оқу жаттығудың негізгі мақсаты: мекеменің жеке құрамын төтенше жағдайларды кесіп өту үшін шебер және шешуші іс-қимылдарға үйрету, әртүрлі жағдайларда қызметтік міндеттерді орындау кезінде жауынгерлік тәртіп элементтерін пысықтау, сондай-ақ жедел іс-шараларды ұйымдастыруда жедел штаб мүшелері мен жеке құрамының дағдыларын жетілдіру және қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде мекеменің басшы құрамына практикалық көмек көрсету болып табылады.
          Оқу-жаттығу барысында тактикалық әдістер пысықталып, жеке құрамды жылдамдыққа, төзімділікке, тапқырлыққа және жергілікті жерге бағдарлауға жаттықтыру жүргізілді. Әр қызметкер кез-келген жағдайда жұмысқа дайын болу үшін өзінің кәсібилігін жоғары деңгейде ұстауы керек.
          Мұндай жаттығулар қызметтік даярлықтың ажырамас бөлігі болып табылады, – деп атап өтті режим және күзет бөлімінің бастығы әділет майоры А.Төребеков.
Өткізілген тактикалық-арнайы оқу – жаттығулардың соңында басшылар тарапынан іс-шара барысы зерделеніп, қорытындысы шығарылды.Қорытынды бойынша № 68 мемлекеттік мекемесінің жеке құрамының кәсіби даярлығы оң нәтижие берді деп бағаланды.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған