Сондай-ақ мал шығыны өтеліп, бірреттік қаржылай көмек көрсетілді.
Қарағанды облысында тасқын судың кесірінен зардап шеккен отбасыларға толыққанды көмек көрсетілді. Аймақ басшысы қарғын су басқан ауданға арнайы барып, жаңа үйге қоныстанып жатқан тұрғындармен кездесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Qazaqstan ұлттық арнасына сілтеме жасап.
Облыс бойынша зардап шеккен отбасы саны алтау. Ал қалған 54 үйге жөндеу жұмыстарының қаражаты толыққанды берілді.
Мал шығыны өтеліп, бірреттік қаржылай көмек көрсетілді. Қазір су басқан учаскелермен, өзен арналарын тазалау жұмыстары басталуда.
– Үй алып беріп, көмек көрсетіп жатыр. Бүгін ақшасын аударып, көшіреміз деген. Соны күтіп отырмыз. Үй сатам дегесін, бірден «аламыз, үй керек» дедік. Отбасымда әйелім екеуміз, қолымда ұлым бар, 4 немерем бар, – дейді Ақсу ауылының тұрғыны Орынбек Жұмажан.