Қазақстан Республикасының Әкімшілік-рәсімдік процестік кодексінің 127-бабының 3-бөлігі бойынша сот процестік құқықтарды теріс пайдаланатын немесе процестік міндеттерді орындамайтын тұлғаға, оның ішінде сот белгілеген мерзімді дәлелсіз себептермен бұза отырып дәлелдер ұсынылған, тапсырмалар орындалған жағдайларда, егер бұл әкімшілік істі қараудың созылуына алып келсе, әрбір әрекет (әрекетсіздік) үшін он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай өндіріп алуды қолданылады.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының өндірісінде талап қоюшы М.-ның жауапкер жеке сот орындаушы К.-ге қатысты әрекетіне дау айту туралы әкімшілік ісі қаралған.

Сотта анықталғандай, жауапкердің сотпен сұратылған қарсы пікірі 6 күнге кеш ұсынылған. Іс бойынша жеке сот орындаушыдан талап қоюшыға қатысты атқарушылық іс құжаттарын сотқа толық көлемде ұсынбаған.Яғни, процестік міндеттерін тиісінше орындамаған.  

Жоғарыда көрсетілген заң нормалары бойынша Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында жеке сот орындаушыға 10 АЕК (30630 теңге) мөлшерде ақшалай өндіріп алу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы қолданылды.

Қызылорда облысының мамандандырылған

ауданаралық әкімшілік сотының баспасөз қызметі

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған