Қызылорда облысында «Жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы аясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» Қараөзек және Талсуат ауылдық округтерінің тұрғындарына тегін құқықтық көмек көрсетеді.
Мобильді топтың мақсаты – облыс аумағында заңгерлік тегін құқықтық көмек көрсету, азаматтарда туындаған құқықтық мәселелерді шешуге жәрдемдесу.
Мобильді топтың құрамына заңгерлер, мемлекеттік кіріс және әділет, денсаулық және білім салаларының мамандары, адвокаттар, сондай-ақ жоба волонтерлері қосылды.
Өткізу күні: 18.04.2024ж
Өтетін орны: Қараөзек ауылдық клубы – 15:00
Талсуат ауылдық клубы – 17:00