Бүгін партияның «Қарызсыз қоғам» жобасының кезекті оқу курсы бастау алды. Жалпы, жыл бойына 1620 қала тұрғынын қамту жоспарлаған оқудың бүгінгі курсына 50 азамат қатысты. Жобада партияның қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Гүлшат Мұсаева қатысушыларға сәттілік тіледі. Айта кетейік, «Қарызсыз қоғам» − халықтың қаржылық сауатын арттыруға бағытталған «AMANAT» партиясы мен Halyk Bank-тің бірлескен бастамасы. Аталған жобада несие бойынша берешегі бар және борышкерлер тізімінде тұрған, қарызы бар және оның мерзімін өткізіп алған азаматтар, мемлекеттен жеңілдікпен несие алуға үміткер кәсіпкерлер оқудан өтуде.
#AMANAT