Сот билігі-мемлекеттік билік тармақтарының бірі. Заң шығарушы және атқарушы биліктен өзгешелігі- жалпыға ортақ жүріс-тұрыс ережесін шығармайды, атқару-басқару қызметімен айналыспайды. Сот билігі қоғамда туындап отыратын нақты істер мен дауларды шешеді.
Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен ұйымдардың құқықтатарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, Республика Конститутциясының, заңдарының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің , халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етеді. Әркімге мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды және өзгеде адамдардың Республиканың Конститутциясында және заңдарында көзделген құқықтарға, бостандықтар мен заңды мүдделерге нұқсан келтіретін немесе олардың шектейтін кез келген заңсыз шешімдері мен іс қимылдарынан сот арқылы қорғалуға кепілдік беріледі.
Сот билігі азаматтық, қылмыстық және заңда белгіленген өзге де сот ісін жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Судьялар сот төрелігін іске асыру кезіне тәуелсіз және тек Конституция мен заңға ғана бағынады. Судьялардың мәртебесі мен тәуелсіздігін нұқсан келтіретін заңдарды немесе өзге де нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға жол берілмейді.
Қазақстан Республикасының Сот жүйесі Конституциямен және Республиканың конституциялық заңмен белгіленеді. ҚР-ның соттар жүйесін Жоғарғы Сот және Конститутцияға сондай-ақ Конституциялық заңға сәйкес жергілікті соттар құрайды. Жергілікті соттарға облыстық және оған теңестірілген соттар, әсери соттар және аудандық және қалалық соттар құрайды.
Наршаева Мөлдір
Қызылорда облысының мамандандырылған
ауданаралық экономикалық сотының
жеткеші маманы