Бүгін барша мұсылман халқы асыға күтетін «Рамазан» айының алғашқы күні. Бұл күнде Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінің АКАӘПТЖБ-нің теологиялық оңалту жұмыстарының ұйымдастыру тобының инспектор теологы әділет лейтенанты Темірбек Сәулеттің ұйымдастыруымен Төлен ата мешітінің имамы Г.Бейсембаев пен бірлесіп, шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталған азаматтарға кездесу өткізді.
Бұл кездесуде сотталған азаматтарға Рамазан айының ерекшелігі, ораза ұстаудың артықшылығы, Рамазанда түзеліп алудың маңыздылығы жайлы сөз сөйледі. Сонымен қатар, Рамазан оразасының кестесі таратылды.
Іс-шарада мекемедегі дінді ұстанушы сотталған азаматтар имамға Қасиетті Рамазан айына және оразаға қатысты өз ұсыныстары мен сұрақтарын қойып, осындай маңызды кездесу үшін өз алғыстарын айтты.