Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты № 68 мемлекеттік мекемесінде, мемлекетіміздің өркендеуіне теріс әсерін тигізетін сыбайластықты болдырмау мақсатындағы жұмыстар мекеменің тәрбие және кадр жұмысы тобымен бірлесіп ұдайы ұйымдастырылып тұрады. Нақтырақ айтсақ, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басқармасының бас маманы Қозбағарова Жанар Жалғасбайқызы мен Қорқыт ата универститінің комплайнс офицері Жаппасбаев Әлібек Бақытжанұлы арнайы шақыртылып, сыбайлас жемқорлық тақырыбында бірқатар түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Алғашқы болып, мекеменің кадр жұмысы тобының аға инспектор маманы әділет капитаны Д.Шахи сыбайлас жемқорлықтың орын алған фактілері бойынша жеке құрам қызметкерлеріне баяндама оқыды. Өз кезегінде сөз алған бас маман «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимылдың жаңа тетіктері» деген тақырыпта баяндама оқыды. Баяндама барысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің 2022жылдың 2 ақпанындағы №802 жарлығымен шыққан ҚР-ның 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатынының тұжырымдамасында жазылған негізгі мазмұны және мемлекет басшысының тарапынан шыққан бірқатар бұйрықтар мен заңдары жөнінде тарқатып, оқып берді. Ал, офицер Жаппасбаев Әлібек: 2023 жылдағы Қызылорда облысындағы сыбайлас жемқорлық бойынша орын алған фактілерге шолу жасай келіп,
- Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуіне септігін тигізуде.Соның ішінде ішкі істер органдары қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қатысты заң бұзушылыққа бару әрекеттері кездесіп тұрады, мұндай әрекеттің алдын-алу және жол бермеу әрбір жеке құрам қызметкерлерінің міндеті және борышы екенін ұмытпаңыздар. Құқық саласының қызметкерлері заңдылықтарды ескере отырып, ешқашан жемқорлыққа жол бермеуі керек – деп, қатысушыларды заң талаптарын орындауға шақырды.
Шара соңында туындаған сұрақтарға жауап беріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнеролик көрсетілді. Бейнероликтен ой түйген жеке құрам сыбайлас-жемқорлық заң бұзушылығына барудың салдарының өте ауыр болатынын, қылмыстық жауапкершілікке, жұмыстан қуылу, отбасылық қиыншылықтарға, бір сөзбен айтқанда жемқорлық әрекеттер әрбір қызметкердің болашағына балта шапқанымен бір деген қорытындыға келді.