«Қазпошта» АҚ ұрлық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жалғастыруда. Осылайша, 2023 жылдың қорытындысы бойынша бірқатар өңірлерде жалпы сомасы 273 000 000 теңгені құрайтын қаржылық заң бұзушылықтар анықталды.
Қазіргі таңда ішкі тексеру материалдары процессуалдық шешім қабылдау және күдіктілерді жауапқа тарту, сондай-ақ келтірілген шығын сомасын өтеу үшін экономикалық тергеу департаментіне жолданды.
Заң бұзушылық фактілері қатарында жымқыру, алаяқтық, ұрлық және заңсыз сыйақы алу фактілері бар. Барлығы 7 өңірлік филиалда 11 қылмыстық іс тіркелді.
“Қазпошта” АҚ орталықта және жергілікті жерлерде түрлі заң бұзушылық әрекеттермен күресті одан әрі жалғастырады және құқық қорғау органдарымен аталған бағыт бойынша бірлесіп жұмыс істейтін болады.