Биылғы жыл қызылордалықтар үшін ырысты, берекелі жыл болды деуге негіз бар. Аудандардағы біршама өрлеуді былай қойғанда, қаламыздың өркендеуінің өзі мұндағы халық еңсесінің тіктеуіне мүмкіндік бергендей. Оған қосымша облыс жастары үшін жағымды жаңалықтың легі тағы бір ақпаратпен толығуда. Қара шаңырақтан еншісін ала алмай жүрген немесе қалада пәтер жалдап теңселіп жүрген біршама жасқа облыс әкімі өз бастамасымен тұрғын үйге оңтайлы қол жеткізу үшін арнайы бағдарлама ұсынуда.

Облыстың 85 жылдығына орай ұйымдастырылып жатқан бағдарламаның атауы «Сыр жастары» деп аталады. Пәтерге қол жеткізу үшін тиісті талаптары да бар. Алдымен бұл бағдарламаға қатысу үшін жастар білім, мәдениет, спорт, журналистика саласынан тыс ұлттық холдингтер мен компаниялардың облыстық филиалының қызметкерлері, екінші деңгейлік банк филиалдарының қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың, әлеуметтік және құрылыс салаларының қызметкерлері бақ сынай алады. Бір ескере кетері, осы салалар бойынша облыс көлемінде кем дегенде 6 ай жұмыс өтілдің болуы да маңызды.

Сондайақ, осы тізімде болсаңыз келесі басты талаптарға да сай болуыңыз шарт. Мәселен, бағдарламаға қатысушы Қазақстан Республикасының азаматтығы болуы міндетті және соңғы екі жылда біздің облыстың тұрғыны ретінде тіркелген болуы да аса маңызды рөл ойнайды. Жас мөлшері 35 жасқа дейін болуы да сарапқа салынады.

Бұл туралы Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтылып, жіті түсіндірілді.

«Отбасы банкі» АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Әділжан Сәулебаев:

– «Сыр жастары» бағдарламасына құжат тапсыру үшін алғашқы жарна 10 пайызды құрауы тиіс. 19 жыл несие мерзімін құраса, ең жоғарға негізгі сумма 1318 млн теңгені құрайды. Сонымен бірге, құжаттар тізіміне тоқталар болсақ, белгіленген нысан бойынша жастарға жеңілдік пен несие беруге арналған электрондық өтініш, білімі туралы құжаттың сканерленген түрі, жұмыс өтілі көрсетілген белгіленген үлгідегі фирмалық бланкідегі жұмыс орнынан анықтаманың сканерленген түрі, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35 бабына сәйкес еңбек өтілін растайтын сканерленген құжат тар және Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасынан растайтын анықтамалар құрайды.

Брифинг барысында сөз алған облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Артур Қамбаров қатысушылар аталған бағдарламға қатысу үшін алдымен «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚнан алынған электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану арқылы kezekte.kz сайтында тіркеліп, «Жұмыс істейтін жастарға арналған «SyrJastary» жеңілдетілген ипотекалық несие беру» бөлігі арқылы орындауға болатынын жеткізді.

Айта кетерлігі, жеңілдетілген бағытта ипотелкалық несие беру бағдарламасы арқылы барлығы 100 адам қамтылмақ. Қаламыздың сол жағалауында орналасқан зәулім тұрғын үйлердің бірінен 3 бөлмелі үйге қоныстану жоспарда болса, осы айдың 26-на дейін құжат қабылданады.

А.ӘЛИАРЫСТАН

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған