Шаһар басшысының тұрғындармен кездесуі Белкөл кентінде жалғасты. Алдымен Белкөл кентінің әкімі Жасұлан Сәду қала әкіміне және кент тұрғындарына атқарылып жатқан жұмыстар туралы айта кетті.
– Белкөл кентінде облыстық және қалалық бюджет есебінен 279,1 млн. теңгенің жұмыстары атқарылуда. Белкөл кентіндегі теміржол арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпір құрылысына облыстық бюджеттен 2022 жылы 251 млн. теңге қаржы бөлініп, құрылыс монтаж жұмыстары толығымен аяқталып, наурыз айында ел игілігіне пайдалануға берілді.
Жерұйық, Путейцева тұйығы, Әбдіқадыров №№2, 4, 6, 9 көшелеріне қиыршық тас төсеу жұмыстарына 42,3 млн. теңге бөлініп, жұмыстар толықтай аяқталды. Сарыарқа, Путейцева көшелеріне орташа жол жөндеу жұмыстарына 47,2 млн. теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Орталық көшеге жаяу жүргіншілер жолын салуға 24,1 млн. теңге және Бірлік көшесінің мектепке дейінгі аралығына жаяу жүргіншілер жолын салуға 15 млн. теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары толықтай аяқталды. Бірқазан елді-мекеніндегі орталық көшеге 39,1 млн. теңге бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары толықтай аяқталды. Инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым дамыту бағытында жоба-сметалық құжаттамасымен сараптама қорытындысын әзірлеу үшін облыстық және қалалық бюджеттен 2,5 млн. теңге бөлінді,-деді Белкөл кентінің әкімі.
Кент белсендісі Дариха Бегалиева қала әкіміне бірнеше ұсыныстарын айтты.
– Белкөл кентінде мәселелердің бірі кент шетіндегі көшелерге жарық бағаналары қажет. Көп халық ойлайды мәселе айтылды бірден шешілу керек деп. Олай болмайды. Халық көп, әкім біреу. Жұмыстар атқарылып жатыр, оны Белкөлдің жетістігі деп ойлаймын. Екінші автобус мәселесін шешіп берсеңіздер. Кентімізде басты мәселе клуб. Кентімізде көптеген жетістікке жетіп жатқан жасөспірімдеріміз көп, деді кент белсендісі.
– Ұсыныстарыңызды қабылдадық, шешетін боламыз,-деді шаһар басшысы.
Кент ақсақалы Мұхамеджан Аблаев шаһар басшысына клуб мәселесін қайта айтты.
– Мәдениет үйі бойынша жобамыз бар. Жаңа мәдениет үйін салу құны 604 млн. теңге. Біз жарық, жылу жолдарын жасап беруді бірінші орынға қойып отырмыз. Алдағы уақытта шешілетін болады,-деді Асылбек Шаменов.
Белкөл кентінің тұрғыны, кәсіпкер «БЕЛКӨЛ» жазуы бар сабынын шаһар басшысына таныстырды.
– Төменгі пайыз несиемен кәсіппен айналыса бастадым. Өзіміздің жетістігіміз деп ойлаймын. Сонымен қатар ыдыс қырғышта шығарамын. Қытайдан шығады деп еді. Өзімізден де шығаратын болдық,-деді кәсіпкер.
– Кәсібіңізге береке берсін. Көмек, қолдау керек болып жатса қолдан келгенше көмектесеміз,-деді қала әкімі.
P.S. Халық қайталап айта береді. Әкім де әр кездесу сайын уәде береді.