2023-2024 жылдағы жылу маусымының басталуына байланысты және ҚР Энергетика министрінің 30 наурыз 2015 жылы №247 бұйрығымен бекітілген «Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану» қағидасының № 623 тармағына сәйкес 2023 жылдың қыркүйек (сентябрь) айынан қазан (октябрь) айының 5 жұлдызына дейінгі уақыт аралығында Қызылорда қаласының жылу желілерінде 16 кгс/см2 дейінгі қысыммен магистральдық және 12 кгс/см2 ауданаралық жылу құбырларының тығыздығына гидравликалық сынақ өткізіледі.
Қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында, сынақ жүргізу кезінде бөгде адамдарға магистральды құбырлардың жанында болуға қатаң тыйым салынады, сондай-ақ қаланың жылу құбырларында (трассаларында) авариялық жағдайлардың туындауының алғы шарттарын болдырмау мақсатында кондоминиумның барлық басқару органдары (ПИК) және жылу энергиясының басқа да тұтынушылары жылытудың, ішкі жылу желілерінің сыртқы жылу желілерінен сенімді ажыратылуы тиіс.
Сынақ кезінде желілік судың ағуы және құбырлардың үзілуі анықталған жағдайда диспетчерлік қызметке 25-00-45, 25-01-04 телефоны бойынша дереу хабарлау қажет.
Байланыс тел, 8-776-869-20-53 немесе қалалық коммуналдық шаруашылық қызметінің диспетчерлік қызметіне – 109.
«Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК жылу желілерінің филиалына 2023 жылдың 10 қыркүйек айына дейін төмендегі мәліметтерді көрсете отырып, кепілдік хат ұсынылу тиіс.
Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын, ішкі жылыту жүйесін сенімді өшіру орындалмаған жағдайда оның салдары үшін жауап бермейді.
«Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК әкімшілігі