Бүгінгі таңда қала аумағынан жеке тұрғын үй құрылысы үшін кезектілік тәртібімен жер учаскелерін жалға алған азаматтар тарапынан жер учаскесін жалдау шартында көзделген мерзімде игермеу фактілері, атап айтқанда тұрғын үй құрылысы жүргізілмейтін жағдайлар орын алуда.

Елді мекен шегінде объектілер салу үшін пайдаланылатын жерлер бойынша уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы кемінде үш жыл мерзімге беріледі (ҚР Жер кодексінің 35-бабының 2-ші тармағы).

Өз міндеттерін тиісінше орындаған, облыстық маңызы бар қала шегінде орналасқан жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдаланушының (жалдаушының), егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында өзгеше белгіленбесе, жер учаскесінің шекаралары өзгермеген жағдайда осы Кодекстің 44-2-бабында көзделген тәртіппен жаңа мерзімге шарт жасасуға құқығы бар (ҚР Жер кодексінің 37-бабының 2-2 – тармағы).

Бұл ретте, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін уақытша жер пайдалану (жалдау) құқығымен алған азаматтарға жер учаскесінің пайдаланылу мерзіміне назар аударып, жалға алу шартында көзделген мерзімде игеру (құрылыс жұмыстарын жүргізу) қажеттігін ескертеміз.

Сонымен қатар, жер учаскесі берілген мерзімнің өтуі жер пайдалану құқығының тоқтатылуына негіз болатындығын назарыңызға жеткіземіз (ҚР Жер кодексінің 81-бабының 3- тармағы).

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Қызылорда қаласы, Қ.Қазантаев көшесі, 43 ғимарат мекенжайында орналасқан «Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» КММ-не жүгінуге болатындығын хабарлаймыз.

Байланыс телефондары: 271305, 274242.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған