Қызылорда қаласындағы Ә. Мүсілімов атындағы 600 орындық № 101 мектеп-лицейінде қазір 2275 оқушы білім алуда. Сондықтан білім ордасын кеңейту мәселесі күн тәртібіне енгізіліп, қараша айында 375 орындық қосымша ғимараттың құрылысы басталған еді.
– Оқушы саны көп білім ошақтарының мәселесін тағы бір мектеп салып шешкеннен гөрі қасына осындай қосымша ғимараттар салған тиімді. Қазір қала орталығында бос жер жоқ болғандықтан, жаңа мектеп шет жаққа түседі. Оған балаларын қатынату ата-аналарға қиындық туғызады. Балалардың өз үйіне жақын, үйренген мектебінде оқығаны екі жаққа да қолайлы», -деді аймақ басшысы.
Жаңа оқу жылына қарай мектептің қосымша ғимараты оқушыларды қабылдауға дайын болады.
Осындай қосымша ғимараттар №3, №264 мектеп-лицейлері мен Абай мектебінің жанынан бой көтеруде.