29 маусым күні Астана қаласында өткен «Amanat»- партиясы депутаттарының бірінші форумы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Оны мінбеден сөз алған спикерлердің деңгейінен байқауға болады. Партия төрағасы Е.Қошанов, Мемлекеттік кеңесші Е.Карин, Премьер-министр Ә.Смайылов т.б. Айтылған мәселелер маңызды, жинақы, түсінікті болды Пленарлық отырыстан соң депутаттар 11 секцияға бөлініп, министрлермен кездесті. Біздің 7-ші топ мүшелері цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Батырбекұлымен кездесті.
Қамал алар 40 жастағы министрдің елімізді цифрландыру, интернетпен елді мекендерді қамту, озық технологияларды енгізу бағытында ашық айтқан ойлары көптің көңілінен шықты. Әр өңірден келген депутаттар сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Қатысушылар министрге риза болды. Шын мәнінде айлығы аспандап тұрған жерден елдің мүдесі үшін осы қызметке келген жас министрдің тындырып жатқан, алдағы жоспарлап жатқан жұмыстарының ауқымды екенін байқадық. Тіл-көзден аман бол, ел мүдесі жолындағы еңбегіңе сәттілік!
AMANAT партиясы Қызылорда қалалық филиалының Төрағасы И.Құттықожаевтың әлеуметтік желісінен алынды