Бразилияның Сантас қаласында үш дүркін әлем чемпионы, Бразилия құрамасының ойыншысы Пеле жерленген мавзолей ашылды. Мұнда кез-келген адам алдын ала жазылып, 9-дан 12-ге дейін және 14-00-ден 18-00-ге дейін кіре алады.
Мавзолей аумағы 200 кв/м. Кіреберісі Бразилияның және 1956-шы жылы Пеле ойнаған “Сантос” футбол клубының туымен көмкерілген. Сондай-ақ Пеленің алтын түстес мүсіні қойылған. Пеле әлемнің үш дүркін чемпионы атанған бірден-бір футболшы. Fifa-ның футбол комиссиясының таңдауы бойынша ХХ-шы ғасырдың үздік футболшысы, халықаралық олимпиада комитетінің таңдауы бойынша ХХ-шы ғасырдың үздік спортшысы.
Ол 2022-ші жылдың 29 желтоқсанында 83 жасында қайтыс болды. 2021-ші жылдың соңынан тоқ ішек обыр ауруымен сырқаттанған.
Оның алтын жалатқан денесі өз қалауы бойынша “Ғаламдық қорым” мемориалының арнайы мавзолейінде тұр.
Толық нұсқасын «Ақмешіт ақшамы» газетінен оқи аласыздар