«AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы Экология жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Онда мемлекет басшысы Жолдауынан туындайтын шикізатқа тәуелділік, еңбек өнімділігі төмендігі, инновацияның жеткіліксізді секілді мәселелер сонымен қатар, аймақтың экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында Байқоңыр ғарыш айлағының экологиялық мәселесі, мұнай компаниялары тарапынан мұнаймен ластанған топырақтарды қалпына келтіру, мұнай өндірушілерінің факелдерінің қоршаған ортаға эмиссиясы, уран өндірушілердің экологиялық талапты сақтауы, шыны зауытының экологиялық рисктері, жылу электр орталықтарынан ауаға бөлінетін зиянды қалдықтарды азайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар сараланды. Кеңес отырысында Қызылорда облысы бойынша экология департаменті басшысы орынбасары міндетін атқарушы Нұрбек Садықов хабарлама жасап, осы бағыттарда департамент тарапынан атқарылып, жатқан жұмыстарды жеткізді.
Ол хабарламасында ағымдағы жылға арналған «Байқоңыр» кешенінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік экологиялық бақылау жұмыстарын жүргізу жоспарына сәйкес 4 тоқсанға 13 кәсіпорын тізімге енгізілген, ағымдағы жылдың 9 айында 10 объектіге жоспарлы тексеріс жұмыстары жүргізіліп, 8 заң бұзушылық анықталды. Қазіргі таңда анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұйғарымдар берілгендігін атап өтті.
Сонымен қатар, департаменті басшысы орынбасары міндетін атқарушы мұнай компанияларымен ластанған топырақты қалпына келтіру мәселесіне қатысты да атап өтті. Оның айтуынша Қызылорда облысында мұнай және газ өндіру саласында 16 кәсіпорын шаруашылық қызмет атқарады. ҚР Экологиялық кодекстің заңдылық талаптарына сәйкес меншік иелері қалдықтардың құралу көздерінен олардың барынша аз көшірілуін қамтамасыз етуге тиіс талабын қамтамасыз ету бағытында мұнай өндіруші кісіпорындар өндірістік қалдықтарының уақытша сақтау, қайта өңдеу алаңдарын іске қосып пайдалануда.
Облыстағы атмосфералық ауаның негізгі ластаушылары мұнай-газ өндіру кәсіпорындары болып табылады. Қондырғыларды сұйық отынға (мазутқа) ауыстыру күл шығарындыларын азайтады, бірақ күкірт пен азот оксидтерінің шығарындыларын іс жүзінде төмендетпейді. Ең экологиялық таза – газ отыны, ол мазутқа қарағанда атмосфералық ауаны үш есе аз және көмірден бес есе аз ластайды. 2022 жылдың І жартыжылдығында мұнай өндіру көлемінің азаюына байланысты ілеспе мұнай газын кәдеге жарату көлемі 97,53% – ға азайды алаулардағы газды жағу көлемі 2,47% – ға азайды,- дейді ол.
Күн тәртібіне сәйкес барлық мәселелер қаралып, комиссия мүшелері тарапынан жұмысты жетілдіруге қатысты ұсыныстар айтылды.
Жиынды қорытындылаған Кеңес төрағасы Мемлекет басшысы Жолдауында атап өткен азаматтарың денсаулығы мен әл ауқатын арттыру мәселесі күн тәртібнен түспейтіндігін жеткізді. Бұл орайда экология мәселесі маңызды орын алады,- деп атап өтті.