Өздеріңізге белгілі, 2022 жылы 6 қазан күні Елордада «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV съезді өтті. Съезд жұмысына еліміздің барлық аймағынан 1200-ға жуық делегаттар қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес, бірінші кезекте алдағы ҚР Президент сайлауына партияның атынан Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасы ұсынылды.
Cонымен қатар, «AMANAT» партиясының басты саяси іс-шарасы барысында жаңа Саяси тұғырнамасы бекітілді.
Осы ретте, съезд делегаты облыстық «Жастар Рухы» ЖҚ төрағасы М.Жорабек жастарға ел дамуының негізгі бағыттары мен саяси бірлестіктің принциптерін айқындаған идеологиялық құжаттың мазмұнын түсіндірді. Сонымен қатар ҚР Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі Халықтық коалиция форумы жөнінде мағұлмат беріп өзінің әсерімен бөлісті.
Форум жұмысында идеологиясы мен бағыты, мәртебесі мен мақсаты әр түрлі саяси партиялар мен азаматтық қоғам институттары өкілдері қатысты. Жалпы коалиция құру әлемдік тәжірибеде бар, бұрыннан қалыптасқан саяси мәдениеттің көрінісі.
Жиында сөз алған саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер өкілдері әлемдік геосаяси ахуал күрделі кезеңде бір болып, Президент жанына топтасудың маңыздылығына тоқталды. Қазіргідей шешуші тарихи кезеңде қоғам болып ауызбіршілік танытып, Президент бағытына қолдау көрсетудің маңызды екенін айтты. Бұл тұрғыда Қ.К.Тоқаев ұсынған әділдік тұжырымдамасы – жалпыхалықтық мәселе. «Әділетті Қазақстан» идеясы барша халықты біріктіреді. Ол барлық әлеуметтік топтар үшін өзекті. Сондықтан мемлекеттің дамуына, көзделген реформаларды іске асыруға жастар атынан бірге үлес қосумыз қажет. Әділетті Қазақстанды сөз жүзінде емес, іс жүзінде құра алатынымызға сенімдімін, – деді М.Жорабек.
Диалог алаңында белсенді жастар мен оқу орнының білім алушылары қатысып, пікір алмасты.