Жол жүрісі туралы Ереженің8.47 тармағының талабына сәйкес, жүргізуші маневрді орындауды бастамас бұрын тиісті мақсаттағы жарық көрсеткіштерімен, егер олар болмаса немесе ақауы болса – қолмен сигнал береді. Бұл ретте маневр қауіпсіздікті сақтай отырып, жүзеге асырылады және жол жүрісіне басқа қатысушыларға кедергі туғызбайды.
Алайда, Шиелі ауданында азамат Н. 2025 жылы 13 сәуірде өзінің басқаруындағы автокөлігімен жолдың сол жақ бөлігімен жүріп келе жатып, оңға бұрылу сәтінде, жолдың оң жақ бөлігімен өз жолымен келе жатқан жәбірленуші Ш.-ның автокөлігіне жол бермей соқтығысып,жол-көлік оқиғасын жасаған.
Нәтижесінде, жәбірленуші Ш.-ға тиесілі мүлікке мүліктік шығын келтірген.
ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігіне сәйкес көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жолдағы және басқа да құрылыс жайлардың немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген, материалдық залал келтiрген көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын бұзуы жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Шиелі аудандық сотының қаулысымен азамат Н.Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 610-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 55 048 теңге әкімшілік айыппұл салынған.
Шиелі аудандық соты