Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік Кодексінің 174-бабының 1-бөлігіне сай, судья тараптарға татуласу рәсіміне қатысуы үшін шақыру жібере отырып, тараптардың татуласуына шаралар қабылдайды, оларға дауды процестің барлық сатысында татуласу арқылы реттеуге жәрдемдеседі.
Тараптарға татуласу рәсімі (бітімгершілік келісім, медиация, партисипативтік рәсім) шеңберінде дауды шешу құқығын түсіндіре отырып, сотқа талап қоюдың келіп түскені, татуласудың артықшылықтары туралы, сондай-ақ АПК 73-бабының бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес дәлелдемелерді өзара ашу және ұсыну құқығы туралы хабардар етіледі.
Заңның осы нормаларына сәйкес, Жалағаш аудандық сотында бір күнде қарыз ақша өндіру туралы 2 талап қою бойынша тараптар сотқа дейінгі хаттама негізінде татуласып бітімге келген.
Татуластырушы-судья тараптармен әңгімелесіп, оларды бітімге шақырып, сотқа дейінгі хаттама жасау арқылы татуласудың тиімділігі мен салдарын түсіндірген.
Әңгімелесу нәтижесінде, тараптар дауды бейбіт жолмен шешуді таңдап, сотқа дейінгі хаттама негізінде татуласып, дауды реттеу туралы келісімдер жасасып, жауапкерлерге қарыз ақшаны бөліп төлеулеріне мүмкіндік берілген.
Сот ұйғарымдарымен дауды реттеу туралы келісімдер бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылды.
Талап қоюшылармен төленген мемлекеттік баж алымдары АПК-ның 278-бабының 3-бөлігінің талабына сай, олардың өздеріне қайтарылды.
Жалағаш аудандық соты