▪️Бүгін Қызылорда облыстық сотында өткізілген жиында облыстық сот төрағасы Ә.Шығамбаев Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 11 қазандағы №1036 Жарлығын сот ұжымына таныстырды.

▪️Аталған Жарлықпен Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы болып Жақсылық Жасұлан Берікұлы тағайындалды.

▪️Қызылорда облыстық сотының судьялары болып Тиштикбаева Гүлнара Зұлғарақызы, Абызбаева Салтанат Бектайқызы, Еламанов Нұрлан Бекмырзаұлы тағайындалды.

▪️Сырдария аудандық сотының төрағасы болып Бержанов Қайратбек Маханбетұлы, Байқоңыр қалалық сотының судьясы болып Қазкенов Азамат Әбілханұлы тағайындалды.

▪️Шара барысында жаңадан тағайындалған Байқоңыр қалалық сотының судьясы А.Қазкенов Қазақстан Республикасы Судьяларының антын қабылдады.

▪️Қысқаша мәлімет:

▪️Жақсылық Жасұлан Берікұлы – 2009-2015 жылдары Жамбыл облысы Талас аудандық сотының судьясы, 2015-2020 жылдары Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы, 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Атырау қалалық сотының төрағасы қызметін атқарған.

▪️Тиштикбаева Гүлнара Зұлғарақызы – сот жүйесінде 1994 жылдан бастап қызмет атқарып келеді, 2014-2020 жылдары Қазалы аудандық сотының судьясы, 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қызылорда қалалық сотының судьясы қызметін атқарған.

▪️Абызбаева Салтанат Бектайқызы – 2014-2020 жылдары Ақтөбе қалалық сотының судьясы, 2020-2023 жылдары Астана қаласы Алматы аудандық сотының судьясы, 2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы қызметін атқарған.

▪️Еламанов Нұрлан Бекмырзаұлы – 2007-2011 жылдары прокуратура органдарында, 2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы қызметін атқарған.

▪️Бержанов Қайратбек Маханбетұлы – сот жүйесінде 2001 жылдан бастап қызмет атқарып келеді, 2014-2023 жылдары Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы, 2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы қызметін атқарған.

▪️Қазкенов Азамат Әбілханұлы – сот жүйесінде 2008 жылдан бастап жетекші маман, бас маман, кеңсе меңгерушісі, бөлім басшысы қызметтерін атқарған, 2023-2024 жылдары Шымкент гарнизоны әскери соты әкімшісінің басшысы қызметін атқарған.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған