Сотталушы А. шкаф ішінде тұрған жәбірленуші С.-ға тиесілі алтын алқаны жасырын жымқырып кетіп, нәтижесінде, жәбірленушіге 800 000 теңге көлемінде мүліктік залал келтірген.
Сотта сотталушы А. өзінің кінәсін толық мойындап, тағылған айыппен толық келісетінін, кешірім сұрайтындығын, келтірілген шығынды толық қайтарғанын көрсетті.
Жәбірленуші С. өзіне келтірілген шығынның толық өтелгенін, кешірім беретінін, медиация тәртібімен татуласқанын көрсетіп, істі тоқтатуды сұрады.
Сот қаулысымен сотталушы А. жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты, ҚК-нің 68-бабы 1-бөлігінің талабына сай қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс өндірістен тоқтатылды.
Қызылорда қаласының №2 соты