Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талқылауға арналған семинар өткізілді.
Семинарға судья О.И. Абдукаликов, сот мамандары, Қызылорда облыстық полиция Департаментінің Әкімшілік полиция бөлімінің инспекторы М.Серікбеков, көші-қон полиция бөлімінің инспекторлары Ғ.Балхожаев, М.Ибраев, жергілікті полиция қызметі бөлімінің патрульдік полиция батальонының командир орынбасары С.Қадыров, қалалық полиция басқармасының инспекторы М.Сейіл, қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің орынбасары М.Абсаттаров, аумақтық мемлекеттік сот орындаушысы Ж.Саткеева, ішкі істер органдарының өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік органдардың заң бөлімдерінің мамандары қатысты.
Семинар барысында заңнамаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, оларды тәжірибеде қолдану мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, отбасылық-тұрмыстық қатынастар аясындағы және ұсақ құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік күшейтілгені айтылды.
Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.
Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты