▪️Сотталушы Б., бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру мақсатында, дүкенде касса үстінде жәбірленуші А.-ға тиесілі телефонды жасырын жымқырып, оқиға болған жерден бой тасалап, жәбірленуші А.-ға 350 000 теңге көлемінде мүліктік залал келтірген.
▪️Осыдан кейін, сотталушы Б. жәбірленуші С.-ға тиесілі құрылыс құралын жасырын жымқырып, жәбірленуші С.-ға 150 000 теңге көлемінде мүліктік залал келтірген.
▪️Сотта жәбірленушілер келген залалдар қайтарылғанын, сотталушыға қояр талап-тілектері жоқ екенін көрсеткен.
▪️Сотталушы Б. ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, осы мерзімге пробациялық бақылау белгіленді.
Қызылорда қаласының №2 соты