Жаңақорған аудандық сотында сотталушы С.-ға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы С. «З» сауда орталығының ішінде орналасқан косметикалық әрлеу орнында ассистент болып жұмыс істеп жүріп,  жұмыс орнында процедуралық бөлмені жинап жүріп, шкаф ішінде тұрған жәбірленуші Г.ға тиесілі бірінің құны 100000 теңгені құрайтын, екіншісінің құны 70000 теңге тұратын екі дана алтын жүзіктерін жасырын жымқырып, ұрлап оқиға орнынан бой тасалаған. Өзінің қылмыстық әрекетімен сотталушы С. жәбірленуші Г.-ға 170000 теңге мүліктік зиян келтірген.

          Сот талқылауында сотталушы С.өзінің кінәсін толық мойындап, өзінің жұмыс орнынан, яғни косметикалық әрлеу орнынан шкаф ішінде тұрған жәбірленуші Г.-ның екі алтын жүзігін ұрлап кеткенін растап, қазіргі уақытта жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласқанын, оған келтірілген залалды толық өтегенін, ол өзіне кешірім бергенін көрсетіп, өзін қылмыстық жауаптылықтан босатуды, қылмыстық істі тоқтатуды сұрады.

Олар кәсіпқой  медиаторға жүгініп, медиатор арқылы өзара ымыраға келіп, татуласып, келісімге келгендерін, істі Қазақстан Республикасы «Медиация туралы» Заңына сәйкес тоқтату үшін араларында жасалған «Дауды реттеу туралы келісімді» сотқа ұсынды.

Сотталушы С.  медиация тәртібімен татуласып, келтірілген залалды қалпына келтіруіне  байланысты Қазақстан Республикасының ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігі негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылып,  қылмыстық іс тоқтатылды.

Жаңақорған аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған