Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің
108-1-бабының 1-бөлігімен азамат Қ.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Азамат Қ. зайыбы Ж.-ны ұрып, денсаулығына жеңіл зиян келтiрген. Сот отырысында қылмыстық теріс қылықты жасаған азамат өз кінәсін толықтай мойындап, жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласқандығын көрсетті.

ҚР ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігіне сәйкес, жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты Қ. қылмыстық жауаптылықтан босатылып, іс жүргізу тоқтатылды.

 Сотта оған тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылғаннан кейін бір жыл ішінде Қылмыстық Кодекстің 108-1 және
109-1-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды қайталап жасаса, әрекетіне сай жаза қолданатындығы қатаң ескертілді.

Сырдария  аудандық соты  

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған