Арал аудандық сотында азаматша Б.-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Сотта анықталғандай, азаматша Б. үйіне алкогольдік ішімдік ішкен мас күйінде келіп, анасына былапыт сөздер айтып, мазасын алып, отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiп, жанұя шырқын бұзған.
Бұған дейін 2024 жылғы 3 қазанда осы тектес әрекеті үшін ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігімен оған әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылса да, еш нәтиже шығармай, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде құқық бұзушылықты қайталап жасаған.
Сотта жәбірленуші М. мұндай жағдайдың жиі болып тұратынын көрсетіп, оған жаза қолдануды сұраған.
Б-ның құқық бұзушылық әрекеті сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелін тапқан.
Сот қаулысымен Б. жоғарыда көрсетілген баппен кінәлі деп танылып, 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалған.
Сонымен қатар, АПБ-нің ерекше талап белгілеу туралы ұсынысы қанағаттандырылып, Б-ның мінез-құлқына 3 ай мерзімге алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды қолдануға тыйым салуды көздейтін ерекше талаптар белгіленді.
Арал аудандық соты