Азамат Ш. автокөліктің алдыңғы бөлігіне қызыл көк түсті жарығы бар аспаптарын тиiстi рұқсатсыз орнатып, Әйтеке би кенті, Жанқожа батыр көшесінде басқарған.
Сот отырысында Ш. жасаған құқық бұзушылық әрекетіне өкінішін білдіріп, кінәсін толығымен мойындады.
Ш. әрекеті іс-құжаттарына тіркелген түсінігімен,полиция қызметкерінің баянатымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, оқиға бойынша жасалған бейнежазбамен дәлелденді.
Қазалы аудандық сотының қаулысымен Ш. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 603-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 41 286 теңге әкімшілік айыппұл салынып, айғақ зат ретінде алынған жарық аспаптар құрылғысы мемлекет пайдасына тәркіленді.
Қазалы аудандық соты