Ауызша келісім негізінде талап қоюшы өзінің жылдам дайындалатын тағамдарын (fast food) жауапкердің компьютерлік ойын орталығына келушілер үшін күн сайын белгіленген мөлшерде өткізуге, жауапкер оның құнын өтеп тұруға міндеттенген.
Бастапқы кезде талап қоюшының ақысын бергенімен, жауапкер кейіннен түрлі уәждер айтып, өнімдердің ақысын өтеуді кешіктірген.
Сотқа дейінгі дауды реттеу шаралары өз нәтижесін бермеген соң, талап қоюшы жауапкерден 238 мың теңге ақша қаражатын өндіруді сұрап сотқа жүгінген.
Нәтижесінде, жауапкер сотта талапты мойындап, ақша қаражаты болмауына байланысты уақытында төлей алмағанын, қазіргі уақытта соманы бөліп төлеуге ниетті екенін айтты.
Талап қоюшы жауапкердің ұсынысын қабылдап, тараптар медиациялық келісімді сотқа ұсынды. Өз кезегінде сот келісімнің заңдылығын тексеріп, оны бекіту туралы ұйғарым қабылдады.
Қызылорда қалалық соты