▪️Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап қоюшы «К» акционерлік қоғамы жауапкер «К» акционерлік қоғамынан 73 250 595 теңге қарыз сомасын өндіру туралы талап қоюмен жүгінген.
 
▪️Істі қарау барысында тараптарға дауды татуласу рәсімдерінің көмегімен аяқтау жөніндегі құқықтарын түсіндірілген. Нәтижесінде,  тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келген.
 
▪️  Сот ұйғарымымен азаматтық іс бойынша дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, төленген 2 197 518 теңге мемлекеттік баж талап қоюшыға қайтарылып, азаматтық іс жүргізу өндірістен тоқтатылды.  

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған