Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының поштасына «D» серіктестігінің директоры А.Алтыбаевтан алғыс хат келіп түсті.

Алғыс хатында А.Алтыбаев аталған соттың судьясы C.Умарсерикова азаматтық істі қарау барысында тараптарға татуластыру рәсімдерінің тиімділігі мен артықшылықтарын түсіндіріп, соның нәтижесінде, талап қоюшы мен жауапкер арасындағы дау медиациялық келiсiммен аяқталғанын көрсетті.

Сонымен қатар, алғыс хат авторы бас маман-сот отырысының хатшысы Г.Таженованың кәсібилігі мен жауаптылығын атап өтіп, сот процесін сапалы ұйымдастыра білгені үшін алғысын білдірген.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған