Қызылорда облыстық сотының поштасына «О» қоғамының директоры Е.А.Щербактың алғыс хаты келіп түсті.
Алғыс хатта автор Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Н.Еламановтың істі объективті түрде қарап, ұсынылған құжаттарды мұқият зерделеп, әділ шешім шығарып, тараптардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғағанын көрсеткен.
«Судьяның азаматтардың құқықтарын қорғау жолындағы қызметіне алғыс білдіреміз» – делінген алғыс хатта.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі