Халықаралық қарттар күніне орай, Қармақшы аудандық сотының ұжымы сот жүйесінің ардагері Рахия Шауханбайқызы Бисенованы мерекемен құттықтады.
Сот төрағасы Қ.Мыханов өз сөзінде Р.Бисенованың ұзақ жылдар бойы табанды еңбек етіп, сот жүйесінің дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтіп, жылы лебізін жеткізді.
Өз кезегінде Рахия Шауханбайқызы сот ұжымына шын жүректен алғысын білдіріп, ізгі тілегін жеткізді.
Қазалы аудандық сотының ұжымы да сала ардагерлері Мұхиядин Жақыпов, Нұрсәуле Аманбаева, Марияш Таласбаева, Шайзада Ешимова, Күлсім Өмірзақ, Қарашаш Изимбетова мен Мира Асанованың шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады.
Ардагерлерге игі тілектер айтылып, мерекелік сый-сияпаттар тарту етіліп, көп жылғы еңбектеріне құрмет көрсетілді.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі