Қызылорда облысының тұрғыны А.Макаренко атындағы балалар үйінде (1996-2008) тәрбиеленген, қазір қиын өмірлік жағдайда қалған.

Интернаттан кейін ол ұзақ уақыт алыс туыстарымен саяжайда бірге тұрған. 2016 жылы ол тұрмысқа шығып, ұл босанған, кейін баласы денсаулығы бойынша мүмкіндігі шектеулі деп танылған (3-топ).

Ажырасқаннан кейін әйел бұрынғы күйеуінің қолдауынсыз, баласын жалғыз өзі тәрбиелеуде. Ол балалар үйінің түлегі ретінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу құқығы барын білмеген.

Тұрғын үй инспекциясы бөлімінен баспанаға тіркеуден бас тарту туралы хабарлама алған ол сотқа жүгінген.

Бірінші сатыдағы сот өтініш берушіні «жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санаты бойынша тұрғын үйге мұқтаж деп уақтылы есепке алмаған уәкілетті органдардың әрекетсіздігін анықтаған.

Әйел халықтың әлеуметтік осал топтарына жатады және мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үймен қамтамасыз етілуге құқығы бар.

Сот тұрғын үй кітабына тіркеуге байланысты құқықтық қатынас талап қобшының мектепті бітіріп, аттестат алу кезінде – 2008 жылғы 20 маусымда туындаған деген қорытындыға келді.

Талап қою қанағаттандырылды: сот оның көрсетілген күннен бастап тұрғын үй кітабына тіркелу құқығын мойындады.

Қызылорда қаласының әкіміне және қалалық тұрғын үй инспекциясы бөліміне талап қоюшының тиісті түрде тіркелуін қамтамасыз ету тапсырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған