Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669-бабы 3-бөлігі бойынша Д.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сырдария аудандық сотымен мінез-құлқына алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды қолдануға толық көлемде тыйым салуды көздейтін ерекше талаптар белгіленсе де, құқық бұзушы Д. масаң күйде болып, сотпен бекітілген ерекше талаптарды бұзып, осы іс әрекетін бір жыл ішінде қайталап жасаған.

Оған дейін, Д. Сырдария аудандық сотының қаулысымен ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып,
10 тәулікке әкімшілік жазаға тартылған болатын.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669-бабы, сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін және атқарушылық құжатты орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті көздейді.

Сотта Д. аталған оқиғаны қуаттайтынын, кешірім сұрап, соттан жеңіл жаза тағайындауды сұрады.

Медициналық қорытындыға сәйкес, құқық бұзушы «ауыр» дәрежедегі алкогольдік масаң күйде екені анықталған.

ӘҚБтК-нің 26-бабына сәйкес әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған Д.-нің әрекеті қасақана жасалған әкімшілік құқық бұзушылық болып танылады.

Сотқ қаулысымен Д. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып,
оған 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.  

Сырдария  аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған