Қазалы аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған азамат М.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Құқық бұзушы М. қоғамдық орында, яғни көше бойында азаматша Ж.-ға былапыт сөйлеп ар-намысына тиетін сөздер айтып, айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiріп, қоғамдық тәртiп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзған.
Сот отырысында құқық бұзушының ұсақ бұзақылық әрекеті, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.
Қазалы аудандық сотының қаулысымен құқық бұзушы М. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп тауып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Қазалы аудандық соты