Қызылорда облыстық сотында сот жүйесінде мемлекеттік тілді қолдану мәселелері бойынша семинар өткізілді.

Семинарға Сот Әкімшілігі Департаментінің бөлім басшылары, аудандық және оған теңестірілген соттардың әкімшілерінің басшылары және мамандары бейнебайланыс жүйесі арқылы қатысты.

Облыстық соттың судьясы Ш.Маликова семинарды ашып, күн тәртібіндегі мәселемен қатысушыларды таныстырып, тақырыптың маңыздылығына тоқталды.

Ш.Маликова өз сөзінде бүгінгі сот жүйесіндегі іс құжаттары мемлекеттік тілде жүргізілетінін, бұл көрсеткіштер жыл сайын еселеніп келе жатқанын атап өтіп, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру мәселесі ұдайы назарда ұстап, мемлекеттік тілде түсетін талап қоюлар мен өтініштер санын арттыру керектігін сот әкімшілері басшыларының назарына жеткізді.

Мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің бас маманы Г.Тәуекел «Іс құжаттарының мемлекеттік тілде дұрыс жазылуы» тақырыбында баяндама жасап, іс қағаздарын жүргізуде кемшіліктер кетіп жататынын, алдағы уақытта мемлекеттік тілді дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру керектігін атап өтті.

Сонымен қатар, кадр бөлімінің басшысы Ж.Дүйсенова және бас маман К.Ерманова «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі бойынша түсіндірме жасады. 

Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған