Қармақшы аудандық сотында Т.-ға қатысты ӘҚБтК-нің 73-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Азамат Т. алкогольдік мас күйде анасы С.-ға сыйламаушылық көрсетіп, мазасын алып, жанұя тыныштығын бұзып, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде құқық бұзушылықты қайталап жасаған.
Азамат Т.-ның кінәсі іс құжаттарымен қоса, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен және тағы да басқа құжаттармен дәлелденген.
Сот отырысында құқық бұзушы кінәсін мойындап, қоғамдық жұмысқа тартуды сұраған.
Сот құқық бұзушының жауаптылығын жеңілдететін мән-жайлар ретінде әрекетін мойындап өкінуін, жас балаларының болуын, анасының кешірім бергенін ескеріп, азамат Б.-ны ӘҚБтК-нің 73-бабы 2-бөлігімен кінәлі деп тауып, оған 40 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындады.
Сонымен қоса, Т.-ға қатысты оның мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу туралы Қармақшы аудандық полиция бөлімінің ұсынысы қанағаттандырылды.
Қармақшы аудандық соты