Байқоңыр қалалық сотында талап қоюшы М.-ның жауапкер А.-дан негізсіз баю сомасын өндіру туралы талап қоюы бойынша азаматтық іс қаралды.
Анықталғандай, белгісіз тұлғалар талап қоюшыға хабарласып, банк шоттарына кибершабуыл жасалып, ақша ұрлауға тырысып жатыр деген желеумен оның сеніміне кіріп, банк шоттарындағы қаражаттарына қол жеткізіп, бірнеше онлайн несиелер рәсімдеткен.
Әрі қарай талап қоюшы өзінің банк шотындағы ақшаның бір бөлігін жауапкер А.-ға аударған.
Талап қоюшы өзінің интернет-алаяқтардың құрбаны болғанын кейін түсінгенін, азаматтық-құқықтық қатынастардың жоқтығына қарамастан, жауапкерге өз ақшасын аударғанын көрсетіп, негізсіз аударылған соманы жауапкерден өндіріп беруді сұраған.
Сот шешімімен жауапкерден талап қоюшының пайдасына 3 010 000 теңге негізсіз баю сомасы өндірілді.
Байқоңыр қалалық соты