Талап қоюшы «Қ» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны сотқа талап қою арызын беріп, онда жауапкер «М» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тануды сұраған.
Сотпен анықталғаны: 25.12.2024 жылғы мемлекеттік сатып алу қорытындыларын бекіту туралы шешім бойынша жеңімпаз болып «М» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі танылып, тараптар арасында келісім шарт жасалған. Келісім шартқа сәйкес, жауапкер 1 830 000 теңгеге тиісті деңгейде электромагниттік қауіпсіздікті өшіру клапаны тауарын тапсырыс берушіге жеткізуге міндеттелген.
Алайда ол келісім шартта көзделген міндеттемелерін орындамаған.
ҚР АҚ-нің 272-273 бабтарына сәйкес, міндетеме – міндетеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиісінше орындалуға тиіс, ал заңдарда немесе шартта көзделгеннен басқа реттерде міндеттемені орындаудан біржақты бас тартуға және оның шарттарын біржақты өзгертуге жол берілмейді.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 12-бабының 4-тармағының 3)-тармақшасына сай, өздерімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған өнім берушілердің тізбесін білдіреді.
Сотпен тараптардың түсініктері тыңдалып, дәлелдемелер зерттеліп, талап қою толығымен қанағаттандырылып, жауапкер мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушы деп танылды.
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты