Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен Арал аудандық көпбейінді орталық ауруханасының жүргізушісіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сай, азамат Ф. сағат 07:50 шамасында өз басқаруындағы «L» маркалы көлік құралын алкогольдік масаң күйде тізгіндеген.

Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген. Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, жүргізуші жеңіл дәрежелі алкогольді еліту күйінде болған.

Сот қаулысымен Ф. жасаған құқық бұзушылығы үшін кінәлі деп танылып, оған 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза тағайындалған.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Арал аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған