Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты 68 мемлекеттік мекемесінде Жасақ бастығының ұйымдастыруымен шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталған азаматтар арасында 30-тамыз Конституция күні мерекесіне орай спорттық іс-шара өткізілді.
Шарада жазасын өтеушілер қол күрес,арқан тартыс, гір тасын көтеру, турникке тартылу және т.б спорт түрлерінен сынға түсті. Алға оза шапқан жазасын өтеушілерге арнайы мекеме бастығының бұйрығымен бекітілген грамоталар мен кубоктар табысталды.
Ең алдымен, бүгінгі келіп жеткен 30-тамыз Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Еліміз аман жұртымыз тыныш, бейбітшілік заман болсын. Бізге осындай спорттық шара ұйымдастырып бізді белсене атсалыстырып, грамотамен марапаттаған мекеме бастығы мен жасақ бастығына алғыс білдіреміз. Мұндай іс-шараларға белсене қатысу арқылы біздің жазамыз жеңілдеп, босап шығуымызға үлкен септігін береді. Сондай-ақ, жаңа өмірге қайта бейімдеп, дағдылануымызға әсері мол,- дейді сотталған азаматтар.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған